USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанға Түркиядан өкпені жасанды тыныс алдыру аппараттары жеткізілді

  • 20.июля.2020, 14:00,
  • 408

Қазақстанға Түркиядан гуманитарлық көмек ретінде 5 өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты жеткізілді, - деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Кеше таңертең Алматы қаласының әуежайына аппарат толық жиынтығымен жеткізілді. Өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратын індетпен күресті қолдау ретінде Қазақстанға Beko тұрмыстық техникасының еуропалық бренді жіберді. Өмірді сақтап қалуға арналған жабдық Түркияның алдыңғы қатарлы кәсіпорындарымен ынтымақтастықта жобаланып, жасап шығарылды және ол қауіпсіздіктің барлық халықаралық талабы мен стандартына сай келеді", - делінген хабарламада.

Ведомстводағылар әкелінген аппараттар Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ЖШККА) берілгенін атап өтті.

"Компания өкілдерінің хабарлауына қарағанда, биыл көктемде 120 инженерден тұратын топ бар-жоғы 2 аптаның ішінде Ыстамбул қаласындағы Arcelik Garage - ашық инновациялық орталығында аппараттың алғашқы прототипін жобалап, тестілеуден өткізген. Маусым айының басына қарай оның Cerkezkoy electronics орталығында коммерциялық негізде ел ішіне және одан тыс жерлерге бөліп беру үшін 5000 аппарат жасап шығарған.

Компанияның өкпенді жасанды тыныс алдыру аппаратын індеттің алғашқы кезеңінде вируспен күрес жүргізіп жатқан елдерге сыйға тарту ниеті бар. Аталған бастама аясында 5 аппаратты Қазақстан алды. Қазіргі уақытта, келген аппараттар кедендік тексеруден өтіп, Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ЖШККА) берілді", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.




#өжт #медицина #қазақстан #түркия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.06.2020
13.04.2020
02.04.2020
14.01.2020
07.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930