Телеарнаның хабарлауына қарағанда, Алматының көтерме базарларында құйрық майдың килограмы мың теңге болған. Алайда осы күндері құйрық май екі есе қымбат әрі тез сатылып жатыр.
Бұған әлеуметтік желідегі өнімнің емдік қасиеті туралы жазбалар себеп болуы мүмкін. Желі пайдаланушылары майды ішке қабылдау және сыртқа жағу рецептерін бөлісіп жатыр. Олар тіпті құйрық майдан микстура, яғни сұйық дәрі де ойлап тапқан.
Дегенмен дәрігерлер құйрық май барлық ауруға ем бола бермейтінін ескертеді. Бұрын құйрық майды суық тиген кезде, оның ішінде өкпе ауруларын емдегенде пайдаланған. Ғалымдар майдың пайдасы барын растайды, бірақ оны тек ауырған кезде пайдалану керек, үнемі болмайды деп ескертеді.
"Суық тиіп ауырған кезде ғана - сол уақытта көмектеседі. Бірақ бұл асыра пайдаланып, үнемі пайдалану керек дегенді білдірмейді. Майларда энергия көп. Жеген соң оны ыдырату керек, қорыту керек. Егер ағзада қалдырсаң, пайда емес, зияны көбірек болады. Сондықтан холестерин жүрек-қан тамыр ауруларына әсер етеді, миға қатты қауіпті әсер етеді", - деді Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов.
Институттағылар жылқы етін жеуге кеңес береді. Бұл ет тез қорытылып, иммунитетті көтеретінін атап өтті.
Еске салайық, Израиль ғалымдары холестерин деңгейін түсіруге көмектесетін "Фенофибрат" препараты короновирус жұқтырып, ауырып қалған науқастарды емдеуге көмектесетінін анықтады.
#құрықмай #қымбаттау #коронавирус #ем