2019 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша Түркістан облысының Арыс қаласында 551 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Ауқымды жұмысқа 184 құрылыс компаниясы тартылған.
4 мыңнан астам құрылысшы мен 186 бірлік арнайы техника қазіргі таңда тағы 2725 жеке тұрғын үй құрылысы мен КПТҮ нысанын қалпына келтіруде. Күн сайын қалпына келетін үйлердің саны 70-90-ға көбейді. 9 шілдедегі жағдай бойынша құрылыс бригадалары 2640 тұрғын үйді, ал бір күн бұрын 2566 тұрғын үйді жөндеу жұмыстарымен қамтыды.