USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Әлеуметтік желіде дәрі-дәрмек толған қоймада түсірілген видео тарады

  • 11.июля.2020, 12:00,
  • 484

"СҚ-Фармация" өкілдері елді шулатқан бейнежазбаға қатысты түсінік берді.

"Видеоға түсірілген қойма - Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан "СҚ-Фармация" ЖШС ресми қоймасы екенін түсіндірген жөн. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша бірыңғай дистрибьютор ретінде "СҚ-Фармацияның" бір жолға қойылған логистикалық желісі бар.

Бұл желі Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы 4 ірі логистикалық хабты қамтиды, осы қалалардың медициналық ұйымдары бойынша, сондай-ақ жақын маңдағы өңірлер бойынша тұрақты негізде дәрілік препараттар таратылады, олардың әрқайсысында бүкіл өңір үшін дәрі-дәрмектердің айлық қоры сақталатын транзиттік қоймалар бар және өз кезегінде дәрі-дәрмектер өңір ішінде таратылады", - делінген хабарламада.

Ақпарат бойынша, қоймаларда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 136 ауру тобына (онкология, қант диабеті, артериялық гипертензия, АИТВ, туберкулез және тағы басқалар), сондай-ақ стационарлық көмек үшін барлығы 1415 атау бойынша дәрі-дәрмек сақталады.

"Осы қоймалардан дәрілік заттар медициналық ұйымдарға тұрақты жеткізіледі және толтырылып отырады, сондай-ақ, жеткізушілерден тұрақты түрде тауар келеді. Тиеп-жөнелтуге арналған препараттар партиясы медициналық ұйымдардан түскен өтінімдер негізінде жасалған рұқсат қағазымен қалыптастырылады.

Хабтарда жақын орналасқан өңірлерге арналған препараттардың екі айлық қоры сақталады. Осылайша Нұр-Сұлтандағы қойма 5 облысты (Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары және СҚО) және астананы, Алматыдағы қойма - Алматы, ШҚО Алматы облысын, Шымкенттегі қойма - Шымкент, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарын, Ақтөбедегі қойма - Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және БҚО-ны қамтамасыз етеді.

Транзиттік қоймаларда барлық өңірді осы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін бір айлық қор сақталады. Тиісінше, "СҚ-Фармация" қоймаларында видеода көрсетілген дәрілік препараттардың айтарлықтай көлемі бар", - деп хабарлады "СК-Фармация" өкілдері.

Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы күресте туындаған қиындықтарға байланысты тергеу жүргізу керегін айтты. Ол ММСҚ (әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры. - ЕСК.) және "СҚ-Фармация" басшыларын қызметтен босатуды тапсырды.


#скфармация #видео #дау #нұр-сұлтан


скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930