USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Арыс тұрғындары денсаулығына шағымдануда

  • 03.қазан.2019, 13:00,
  • 539

Арыс тұрғындары балаларының денсаулығының нашарлағанын байқады. Олар бұған себеп болған маусым айындағы жарылыс деген пікірді ұстанады. 


2 қазанда Түркістан облысы Арыс қаласының әкімдігіне отызға жуық әйел барып, жарылыстан соң тұрғындар денсаулығының нашарлағанына шағымданып, өтемақы төлеуді талап етті.


"Апта сайын ауруханаға апарам, апта сайын басқа дәрі-дәрмек жазып береді. Одан нәтиже болмаған соң тағы барамыз. Сүйтіп келе жатырмыз. Бір жыл бұрын балам реанимацияға өкпе ауруымен түскен. Енді сол ауруы қайта асқынып бара жатыр. Іші тоқтамай өтеді. Дәріге де тоқтамайды. Жарылысқа дейін ондай болмаған. Дәрігерлер де түсінбей жатыр. Диагноз қоя алмай жатыр",- дейді қала тұрғыны Бану Құлжабаева.


Тағы бір қала тұрғыны Айгүл Дәулетованың айтуынша, жарылыстан соң балаларының денесіне жара шығып, мұрны қанайтын болған. Ол дәрі-дәрмек алуға қалтасы көтермейтінін айтып, үкіметтен көмек сұрады.

скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
Тағы да оқыңыздар:
11.07.2019
08.07.2019
24.06.2019
24.06.2019
24.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930