USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қауіпті дәрі!

  • 08.июля.2020, 17:17,
  • 532

Коронавирус кезінде қауіпті тағы бір дәрі аталды

Медицина ғылымдарының докторы Раушан Қарабаева қан ұюға қарсы (антитромб - еск.) препараттарды орынсыз пайдаланудың қаупі туралы ескертті. 

"Өкінішке қарай, бүгінде науқастар антитромб препараттарды инъекция түрінде үйде пайдаланады - бұл қауіпті. Коронавирус инфекциясы тромбоздың түзілуіне себепкер болады және бұл препараттар мұндай инфекция кезінде антитромб үшін пайдалануға болады. Бірақ бұл терапияны тек стационарда лабораториялық бақылау арқылы жасау керек", - деді Қарабаева ОКҚ брифингінде.


Антикоагулянттар - қанның ұйып, тромб түзілуіне кедергі жасайтын дәрілік заттар. Ацетилсалицил қышқылы (аспирин) қанның ұюын азайтады, бірақ антикоагулянттарға жатпайды. Ацетилсалицил қышқылы салдарынан асқазан жарасы пайда болуы және асқазан-ішек жолы қанауы мүмкін. Асқазан-ішек жолдарында проблемалары бар адамдарға ішуге болмайды.


Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 51 059-ға жетті. 16 928 науқас жазылды, 264 адам аурудан көз жұмды.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031