USD 504.34
EUR 556.34
RUB 5.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нұр-Сұлтанда карантин кезінде кальян орталығы жұмыс істеген

  • 10.июля.2020, 11:30,
  • 635

Елордада 56 ойын-сауық орнына санитарлық нормаларды бұзғаны үшін айыппұл салынды. Тәртіп бұзушыларға салынатын айыппұл көлемі өте жоғары.

Полиция, еріктілер мен әкімдік қызметкерлері елорданың ойын-сауық орындарына рейд жүргізді. Жақында ереже бұзушылықтар қаладағы танымал орындардың бірі – "Мята" кальянында анықталды.

Кальянға келушілер әкімшімен алдын ала келісіп, үстелге тапсырыс берген. Бұзушылықты анықтау үшін дәл осындай тәсілді әкімдік қызметкерлері де қолданды. Мұнда пандемия кезінде барлық санитарлық нормалар бұзылған. Мысалы, үш адам бір кальян шегеді.

"Бұл факті бойынша біз бұдан әрі сот ісін жүргізуге деректерді СЭС-ке жібереміз. Ары қарай Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес шешім қабылданады", – дейді учаскелік инспектор Әли Әбілтаев.


Кальян орталығына карантин режимін бұзғаны үшін 230 АЕК (638 940 теңге), кальян дайындаушы мен келушілерге 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынады. Бүгінгі таңда ойын-сауық мекемелерінің карантин режимін бұзуының 56 фактісі анықталды.

"Осылайша вирус таралуы мүмкін. Содан кейін олар жақындарына жұқтырады, ал індет күшейеді. Инфекцияның таралуын болдырмау үшін біз барлық карантин ережелерін сақтауымыз керек. Әр адам өзіне және отбасына жауапты. Осылайша, 2-3 апта үйде болу, "үй–жұмыс–үй" схемасы бойынша жүру дұрыс шешім болады", – дейді қалалық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Дәулет Кәрібек.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес карантин кезеңінде кальян жұмысына қатаң тыйым салынады.



#кальян #мята #карантин #құқықбұзушылық #айыппұл #нұр-сұлтан

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.07.2020
02.07.2020
24.06.2020
18.03.2020
18.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930