"Осы жағдай бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Тексеру барысында 12 маусымда Түркістан облысы Төле би ауданындағы демалыс аймағында карантин кезінде ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға Шымкент полиция департаментінің жұмыс істеп жүрген қызметкерлерінің бірі, сондай-ақ оқу орталығының және өңірлік Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы басшылары қатысқаны анықталды. Барлық лауазымды тұлғал мемлекеттік қызметшінің этикалық кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді полицейлер.
Той өткізген демалыс аймағының әкімшілігіне айыппұл салынбақ.