USD 496.85
EUR 585.54
RUB 6.49
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Көк-Төбедегі аттракционнан жеткіншек құлап түсті

  • 05.қантар.2020, 08:30,
  • 698

Көк Төбедегі аттракциондардың бірінен жасөспірім құлап, жарақат алды.

Әлеуметтік желілерде "айырсадақ" аттракционында адам құлап, аяқ-қолы сынып ауруханаға жеткізілді-мыс деген хабар пайда болған.

Алматы полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2 қаңтарда болған.


13 жастағы жасөспірім батуттан құлаған. Полиция мәліметіне сәйкес, бала абайсызда құлап кеткен, ата-анасы ешкімге кінә артып отырған жоқ. "Ол құлап, аяғын сындырып, басымен соғылды. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметіндегілер.


Алматы денсаулық сақтау басқармасы өкілдері жасөспірімді Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық көмек орталығына жедел жәрдем жеткізгенін мәлімдеді. "Дәрігерлер қарады. Ол барлық қажетті медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр. Баланың жағдайы тұрақты", - деп атап өтті басқармадағылар.



скачать dle 12.0
Фото авторы : Facebook.com
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728