USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

UFC "Сарбаздар аралындағы" екінші турнирдің постерін жариялады

  • 01.июля.2020, 09:30,
  • 310

UFC баспасөз қызметі твиттер желісіндегі ресми парақшасында аталған промоушеннің ұйымдастыруымен Fight Island-да ("Сарбаздар аралы") өтетін екінші турнирдің постерін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл турнир 15 шілдеде өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде қос америкалық файтер Келвин Каттар мен Дэн Идж жұдырықтасады. Бұдан бөлек Фрэнки Эдгар - Педро Муньос кездесуі де кештегі негізгі жекпе-жектердің бірі болмақ.

 

"Сарбаздар аралындағы" алғашқы турнир 11 шілдеде Абу-Дабидегі (БАӘ) Яс аралында өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта UFC чемпионы Камару Усман мен Гилберто Бернс жұдырықтасады.

 

Бұл кеште қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебюттік кездесуін өткізеді. Жерлесіміздің атақты промоушен туы астындағы алғашқы қарсыласы - бразилиялық Раулиан Пайва.

 

Айта кетейік, бұған дейін UFC президенті Дана Уайт "Сарбаздар аралының" инфрақұрылымын көрсеткен болатын.

 

Негізгі кард:

 

Келвин Каттар — Дэн Иге

Фрэнки Эдгар — Педро Муньос

Карла Эспарса — Марина Родригес

Абдул Разак Альхассан — Мунир Лаззез

Джаред Гордон — Крис Фишголд.


Алғашқы кард:


Модестас Букаускас — Винисиус Морейра

Молли Маккенн — Талиа Сантос

Рикардо Рамос — Лерон Мёрфи

Джон Филлипс — Душко Тодорович

Тим Эллиотт — Райан Бенуа

Диана Белбита — Лиана Джоджуа.


#UFC #Сарбаздараралы #спорт #жекпежек #FightIsland

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
23.01.2020
06.01.2020
08.08.2019
31.07.2019
18.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930