USD 541.63
EUR 632.24
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Молдағасымова ісі Бас прокуратураға жолданды

  • 16.июня.2020, 11:30,
  • 449

Орталық қалалық клиникалық ауруханада коронавирус жұқтырған дәрігерлерге қатысты іс Бас прокуратураға жетті. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мәлімдеді.

Комитет мәліметінше, Орталық клиникалық ауруханада эпидемиологиялық тергеу жүргізілді. Жасалған қорытындыларға сәйкес, жаппай жұқтыру себептерінің бірі - ОҚК қызметкерлері сақтық шараларын сақтамаған. Нәтижесінде бұл санитарлық ережелердің де талаптарын орындамауға әкелген.


"БАҚ-та Айзат Молдағасымованың мәлімдемесі ішінара расталды. Эпидемиологиялық тергеу материалдары ОҚК лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураға жіберілді. Қарау нәтижелері бойынша тиіс шешім қабылданады", - деді комитеттегілер.


Ведомство мәліметінше, Айзат Молдағасымоваға да қатысты қызметтік тергеу жүргізілді.


"Нәтижеге сәйкес, заңбұзушылық байқалмаған. Қазіргі уақытта онымен еңбек шарты бұзылды, себебі ол жұмыстан өз еркімен кету туралы өтініш білдірді", - делінген хабарламада.

скачать dle 12.0
Фото авторы : Алматы Әкімдігінің телеграм каналы
Тағы да оқыңыздар:
04.06.2020
26.05.2020
30.04.2020
18.02.2020
01.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031