Әлеуметтік желіде үнсіз митингке қатысушылардың бірі түсірген видео тарап жатыр. Онда оқиға орнына құқық қорғаушылардың келгені байқалады. Дезинфекциялық киім киген арнайы жасақ шығып, митингке шыққан аналарды күштеп алып кетеді.
Митингке қатысушы аналардың сөзіне қарағанда, олардың барлығын коронавирус тестінен күштеп өткізейін деп жатыр.
"Біз өзімізді жақсы сезініп тұрмыз, бірақ бізді мына жаққа мәжбүрлеп алып келді де, коронавирус тестінен өткізіп жатыр", – дейді олар.
Нұр-Сұлтан әкімінің кеңесшісі Дәурен Бабамұратовтың айтуынша, митинг санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің шешімі бойынша таратылды.
Аталмыш наразылық шарасы көпбалалы, мүгедек баласы бар отбасыларға көмек көрсету, вакцина салуға мәжбүрлемеу секілді талаптармен ұйымдастырылған еді.
Опубликовано Назирой Мукашевой Вторник, 9 июня 2020 г.