Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова коронавирус тестінен өту кезеңдерін түсіндірді.
"Өтінімді толтыру үшін біріншіден, сіз Smart Astana мобильді қосымшасындағы "Медицина" – "COVID-19 тестіне тіркелу" бөлімінде сауалнама толтыруыңыз керек. Екінші, Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары азаматтарды белгілі бір көрсеткіштер бойынша іріктейді. Үшінші, мәртебенің расталуын күтіңіз", – деді М.Бектұрова.
"КДЛ ОЛИМП" операторлары қоңырау шалып, емдеу бөлмесіне бару уақыты, орны мен күнін жоспарлайды. Келушілер бетперде киіп, жеке куәлікпен кіруі керек. Өйткені тек қабылдау тағайындалғаннан кейін кіруге болады.