"Қазгидрометтің" астаналық мамандары балықтардың жаппай су бетіне шығуын анықтау үшін Есіл өзенінің үш жерінен сынама алған болатын. Бірінші күннің талдау нәтижелерінде нормадан ауытқулар табылмады.
Судың сапасына талдау 42 физика-химиялық көрсеткіш бойынша жүргізілуде. Кейін, оттегіні химиялық тұтыну 37,1-47,2 мг/дм3 мөлшерінде екені анықталды. Бұл - шекті нормадан 1,1-1,3 есеге көп.
Мұндай жағдай суға сынама алынған барлық нүктеде байқалған.