Министрдің айтуынша, осы жылдың 8 айының деректері бойынша жалпы өлімнің және нәресте өлімінің өсуінде ауытқулар бар.
"Біз Атырау облысында барлық туғаннан кейін шетінеп кеткен нәрестелердің шыны препараттарынан алынған объективті деректер мен медициналық карталардың аудитінен кейін ел бойынша жаппай аудит жүргіздік. Талдау нәтижесінде есепке алынбаған ерте неонаталдық өлім-жітімнің 277 нәресте өлімін жасырып қалу фактілерін анықтадық. Осыған байланысты 2018 жылы нәресте өлімінің көрсеткішіне түзету жүргізілді. Бұрынғы 1000 тірі туған нәресте бойынша өлім-жітім көрсеткіші 8,03-тен 8,7-ге өзгерген", - деді ол.
Біртановтың айтуынша, өлім себептері бойынша жүйелі шаралар цифрландыру мен статистикалық деректердің сапасын жақсарту арқылы белсенді түрде жүргізілуде.