Оқиға болған жердің суреттері Instagram желісіндегі @ztb_kz парақшасында жарияланды. Суреттер апаттан кейін түсірілген.
Осыған дейін BMW маркалы көліктің жүргізушісі Алматы облысындағы №4 блокбекетте тұрған патрульдік көлікке соғылғаны хабарланды. Көлікті мас күйінде отырған BMW жүргізушісі қамауға алынды. Салонда болған екі полиция қызметкері мерт болды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.