"Нысандарда тәртіп орнату мен халықпен жұмыс істеу бойынша шаралар күшейтіледі. Бұған қоса, коронавирус жұқтыру ықтималдығы жоғары топ өкілдерін тексеріп, науқастармен байланыста болған барлық адамдарды анықтап бітеміз. Теміртауда жағдайдың тұрақталғанына көзіміз жетпей шараларды жұмсарту мәселесі қаралмайды. Теміртау карантинге жабылған, блокпосттар қойылған, сол себепті мамыр соңына дейін Теміртау - Қарағанды арасында жүретін қоғамдық көліктердің жұмысын қалпына келтіру мәселесі қаралмайды", - деді облыстың бас санитар дәрігері Қанат Асқаров.