USD 541.63
EUR 632.24
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қостанай облысында полиция бөлімі карантин астында

  • 17.сәуір.2020, 14:30,
  • 503

Қостанай облысы Жітіқара қаласында жүздеген полицей үйдегі карантинге жіберілді.

Бұған дейін бөлімде коронавирус жұқтырған 1996 жылғы қызметкер анықталған болатын.

"Жітіқара қаласына Полиция департаментінің 80 қызметкері қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін келді. Олардың барлығы аудан әкімдігі ұйымдастырған қорғаныс құралдарымен және тамақпен қамтамасыз етілген", - деп хабарлайды Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Инфекция жұқтырған полицеймен байланыста болған адамдардан тест алынды, коронавирус расталған жоқ. Қазір барлығы үй карантинінде жатыр. Ал вирус анықталған полицейдің жағдайы қанағаттанарлық. Ол қызмет бабына байланысты науқастармен байланыста болған. Аудандық полиция бөлімі дезинфекцияланды.

скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031