Әлемнің кей мемлекеттері шекараларын ашқанымен, сол жерде білім алып жүрген қазақстандықтарға жету қиынға соқты. Студенттер ата-аналарымен бірге барған жерлерінен ешкім өтініштерін қабыл алмады.
"Бәрінде мәселе бір. Уақыт өтіп барады, балалар оралу керек. Біз, міне, қашан шыға алатынымызды білмейміз. Оқу жылын аяқтамаса, мүлде шығарып жібереді. Осындай студенттер көп қой, арнайы шара ұйымдастыруға болады ғой", - деді студент анасы.
ҰҚК студенттерге шекарадан өтуге рұқсат бергенімен, Қазақстаннан қатынайтын халықаралаық рейстер әлі ашылған жоқ.