USD 541.63
EUR 632.24
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ұлттық ұландағылар желіде тараған жаппай улану хабарламасы жайлы

  • 06.желтоқсан.2019, 11:00,
  • 525

Ұлттық ұлан өкілдері Петропавлдағы Әскери институтта курсанттардың жаппай уланғаны жайлы мәліметке қатысты пікір білдірді.

Осы институттың асханасында 54 курсанттың уланып, қалалық ауруханаға жеткізілді деген мәлімет тарады.


Ұлттық ұланның баспасөз қызметіндегілер редакция жолдаған сауалхатта 25 қарашаға қараған түні 62 курсанттың жүрегі айнып, шағымданғанын хабарлады. Диагнозды растау мақсатында төрт студент қалалық № 1 аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген. Оларға тағам токсикоинфекциясы деген диагноз қойылған. Қалған студенттер оқуын жалғастырған.


"Бастапқыда студенттер Әскери институттың асханасында тамақтанып, уланды деген нұсқа айтылды. Бірақ сараптама нәтижесі бойынша ол нұсқа расталмады. 300 курсант пен асхананың 21 қызметкерінен жұқпалы аурулар тудыратын қоздырғыш анықталмады. Курстанттар уланып қалды деген күні демалыс болды, медициналық көмекке жүгінген 62 курсанттың 12-сі сыртта тамақтанған. Бұл олардың Әскери институттан тыс жерде уланып қалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.


Ұлттық ұландағылар осы дерек бойынша қызметтік тергеу басталғанын айтты. 



скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
Тағы да оқыңыздар:
10.10.2019
09.08.2019
16.07.2019
14.06.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031