"Бізде барлығы 14 автопарк бар. Бұл автопарктер санитарлық тазарту жүргізілетін үш пунктке бөлінген. Күн сайын көліктер екі рет тазалаудан өтеді. Бірінші кезең 06:00-ден 09:00-ге дейін, ал екінші кезең 14:00-ден 17:00-ге дейін жалғасады. Таккси жүргізушілері бетперде мен қолғап киіп, көлік салоны әр жолаушыдан кейін антисептикпен өңделеді", – деп түсіндірді елордалық жолаушылар қауымдастығының атқарушы директоры Сәкен Ханхожин.