"Алматыда қоғамдық тамақтану, діни құлшылық және қонақүй кешендерінен шектеу шаралары қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты кезең-кезеңмен алына бастайды. Мысалы, мегаполистің бизнес-қауымдастығымен бірлесіп, қоғамдық тамақтану объектілерін және қонақүй кешендерін іске қосудың дайындық жұмыстары шеңберінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау шартымен аталған секторлардың ұйымдарын 25 мамырдан бастап кезең-кезеңмен іске қосу талқыланып жатыр. Қазіргі таңда Алматыда қауіп-қатер тобын жаппай тестілеу және жасырын инфекция ошақтарын анықтау, 18 мамырдан бастап қаланың діни орындарын (мешіттерге, шіркеулерге, храмдарға, синагогаларға және тағы басқаларына) бару үшін шектеуді алып тастауға байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.