Дегенмен, бас санитар дәрігердің айтуынша, еліміздің бірнеше өңірінде коронавирус әлі де өршіп тұр.
"27 наурыздан бері Нұр-Сұлтанда бір күнде коронавирус жұқтырғандардың саны 60 пайызға азайды. Қазір Алматыда бір күнде орташа есеппен 5-15 адам аралығында коронавирус жұқтырып отыр. Алайда кейбір өңірлерде вирус жұқтырғандардың саны бір күнде 20-30 пайызға көбейіп жатыр - Қарағанды, Қызылорда, Түркістан және Атырау облыстарында. Осы өңірлерде қосымша шектеу шараларын қабылдау қажет", - дейді бас санитар дәрігер.