USD 511.59
EUR 575.28
RUB 6.33
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Білім министрі: Әліппеге қатысты жұмыс тобы құрылды

  • 21.қазан.2019, 15:30,
  • 590

ҚР Білім және ғылым министрлігі әліппеге қатысты арнайы жұмыс тобын құрды. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

"Әліппеге қатысты мәселе көптен бері көтеріліп жүр. Бұл шын мәніне өте маңызды. Биыл тамыз кеңесінде осы мәселеге жеке тоқталдық. Қазір тиісті жұмыс тобы құрылды. Біздің айтып отырғанымыз, әліппені мектепке енгізу керек және онда ешқандай эксперимент керек емес. Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі бар, сол әдістемеден басқа ештеңе ойлап табу қажет емес", - деді министр Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдардағы бағдарламаның іске асырылуын талқылау барысында.


Сонымен қатар А.Аймағамбетов оқулықтарды даярлау, талдау шараларына сын айтылып жатқанын атап өтті. Осы мәселелерді шешу үшін қазіргі уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігі оқулықтардың сапасын жақсарту және сараптау тетігін жаңарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ авторлар мен сарапшыларды оқыту, оқулықтарға "жасырын" шолу жасау, сарапшыларды сертификаттау ұйымдастырылады.

 

скачать dle 12.0
Фото авторы : zakon.kz
Тағы да оқыңыздар:
19.09.2019
04.09.2019
13.08.2019
06.08.2019
06.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031