USD 501.02
EUR 597.27
RUB 6.59
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ҰБТ: қандай жаңа өзгерістер енгізілді?

  • 23.сәуір.2020, 12:30,
  • 466

ҰБТ-дан 11-сыныптың төртінші тоқсанындағы тақыраптары алынатын болады. Бұл туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді.

"Біз 11 сыныптың 4 тоқсанындағы тақырыптарды қарадық. Олардың барлығы - 9,10 сыныптарда, тіпті 7,8 сыныптарда өткен тақырыптарды қайталау. Барлық пән бойынша солай. Сондықтан, төртінші тоқсанда жаңа тақырып жоқ, сәйкесінше сұрақтар да қиынға соқпайды. Оқу бағдарламасында жоқ сұрақ тестілеуде де болмайды, оның бәрін жіті тексеріп отырмыз. Ата-аналарға уайымдамаңыздар дегіміз келеді", - деді ол.

Биылғы ҰБТ-да түлектердің дене қызуын өлшеу, аудиториядағы адам санын азайту сынды қауіпсіздік шаралары қарастырылады.

"Тестілеуде әдетте бір аудиторияда 100-150 адам отыратын. Қазір 50 адамнан отырғызуды ұйғардық. Эпидемиологиялық жағдай қиындаса, 30 адамнан, тіпті 25 адамнан қалдырамыз. Әр түлектің айналасында 2-2,5 метр қашықтық сақталуы керек. Ол үшін аудандарда ғимарат жеткілікті, барлығын есептеп шықтық. Еш қиындық болмайды", - деді Смағұлов.

скачать dle 12.0
Фото авторы : informburo.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728