Министрліктің мәліметінше, ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасып жатыр.
⠀
"4650 адамға мониторинг жүргізілді, оның ішінде 1 а санаты бойынша – 1217, 1 б санаты бойынша – 189, 2 санат бойынша – 3244 адам медициналық бақылауда болды. Барлығы 676 адам бақылаудан алынды. 11 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3974 адам бақылауда тұр.
11 наурызға барлығы 90 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен, оның ішінде 1 б санаты бойынша – 20 адам, 2-санат бойынша – 36 адам, 3-санат бойынша – 34 адам емдеуге жатқызылды. Емдеуге жатқызылған 90 адамның ішінен 52 адам шығарылды. 38 адам стационарда жатыр", - дейді министрлік өкілдері.