Ұшақтардың қолайсыз ауа райына байланысты басқа қалалардан кешігіп ұшып келуіне байланысты 16 рейс кешігіп жатыр:
- "Эйр Астана" компаниясының сегіз рейсі (олардың ішінде Ташкент, Санкт-Петербург және Шарм-әл-Шейх);
- SCAT әуекомпаниясының екі рейсі - Өскеменнен және Шымкенттен;
- Qazaq Air әуекомпаниясының екі рейсі - Петропавлдан және Қостанайдан;
- Fly Arystan әуекомпаниясының үш рейсі - Шымкент, Алматы және Қостанайдан;
- Etihad Airways әуекомпаниясының рейсі - Әбу-Даби.
Сондай-ақ, басқа қалалардан ұшақтардың ұшып шыға алмауына байланысты 15 рейстің кешіктіріліп жатқаны айтылады:
- "Эйр Астана" компаниясының жеті рейсі;
- Qazaq Air әуекомпаниясының екі рейсі - Ақтөбе және Қостанай;
- Fly Arystan әуекомпаниясының үш рейсі - Шымкент, Алматы және Қостанай;
- Turkish Airlines әуекомпаниясының рейсі - Ыстамбұл;
- Etihad Airways әуекомпаниясының рейсі - Әбу-Даби;
- FlyDubai әуекомпаниясының бір рейсі - Дубай.
Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайының баспасөз қызметіндегілер боранның салдарынан ұшақтарды сұйықтықпен өңдеуге болмайтынын айтады.