USD 540.06
EUR 628.25
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Bek Air ұшағының апаты: 7 адам қаза тапқан

  • 27.желтоқсан.2019, 10:30,
  • 596

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматыдағы әуе апатының мән-жайын айтты.

"2019 жылы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының № Z2100 Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі әуеге көтерілу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауына соғылған. Нәтижесінде екі қабатты ғимаратпен соқтығысқан. Бірден құтқару жұмыстары басталды, өрт шыққан жоқ. Әуе кемесінің жолаушылары мен экипажы эвакуацияланып жатыр. Қаза тапқандардың саны - 7. Премьер-министрдің тапсырмасымен Үкімет комиссиясы құрылды, оны вице-премьер басқарады. Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Комиссия оқиға орнына барады. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері анықталады. Апат жағдайлары анықталғанға дейін осы типтегі әуе рейстері уақытша тоқтатылады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, экипаждың 5 мүшесі болған", - делінген хабарламада.

скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031