Азаматтық авиация туралы және әуе кеңістігін пайдалану туралы мемлекетаралық келісімге сәйкес Мемлекетаралық авиация комитеті (МАК) 2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы әуежайында ұшу кезінде болған Bek Air әуекомпаниясының Fokker-100 ұшағының апатқа ұшырауын тексеру жөніндегі үкіметтік комиссияның жұмысына белсенді қатысып жатыр.
"МАК мамандарының тобы оқиға орнына келіп, алғашқы күннен бастап тікелей комиссия құрамында жұмыс істейді. МАК тексеруге толық ғылыми-техникалық қолдау көрсетеді. МАК-тың ғылыми-техникалық орталығында авиациялық оқиға болған жерде анықталған борттық өздігінен жазғыш (дыбыстық және параметрлік) деректерін оқу және таратып жазу орындалды. Барлық ақпарат тергеу комиссиясына берілді. Осы ақпаратты алдын ала талдау оқиғалардың хронологиясын қалпына келтіруге және авиациялық оқиға себептерінің басым нұсқасын анықтауға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.
Бұл ақпаратты Қазақстан Үкіметінің вице-премьері Роман Склярдың баспасөз конференциясы барысында жұртшылыққа жеткізілгені айтылады.
"Тексеру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша МАК Нидерланды, Қазақстан және EASA мамандарымен бірлесіп авариялық ұшу кезінде әуе кемесінің нақты аэродинамикалық сипаттамаларын және оларға сыртқы факторлардың (бірінші кезекте жердегі мұздану және т.б.) әсерін анықтау, әуе кемесінің қозғалыс параметрлерін және экипаж әрекеттерін талдау мақсатында жүргізілетін ұшуды математикалық үлгілеу бойынша жұмыстар басталды", - делінген хабарламада.