USD 518.66
EUR 597.44
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Әуе апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

  • 05.қантар.2020, 15:00,
  • 521

Алматы дәрігерлері әуе апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді.

Мамандардың айтуынша, Алматы стационарларында 27 пациент жатыр. Олардың жетеуі бала. Алматы көпбейіндік клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде 1 адам жатыр. Барлық зардап шеккендер мен жансақтау бөлімінде жатқан адамның жағдайы тұрақты, бір қалыпты жақсарып келеді.


Апаттан зардап шеккен үш жолаушы одан әрі емделу үшін санавиация арқылы Нұр-Сұлтан қаласының Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілген.


Жалпы алғанда, дәрігерлер 22 операция жасады. Барлық ота сәтті өтті.


Оның ішінде екі балаға Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының травматологтары жоғары технологиялық заманауи емдеу әдісін қолдана отырып, кесусіз, атап айтқанда "Оң сан сүйегінің иілгіш өзекшелерімен остеосинтезі" операциясын жасады.



скачать dle 12.0
Фото авторы : inform.kz
Тағы да оқыңыздар:
11.10.2019
30.09.2019
19.09.2019
02.08.2019
09.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930