"Осы аптадағыдай әңгіме жалпы қызуы бар адамдар туралы емес, 6 ақпаннан бері Қытайдан келген адамдар туралы болып отыр. 31 қаңтардағы жағдай бойынша, оқшауланған блоктарда 66 адамнан қызу көтерілу және ЖРВИ белгілері анықталған. Ал жалпы ауруханаларда 41 адам бар, оның 25-і ауруханадан шықты.
Біз ауруханаға түскен науқастарды қосымша тексерістен өткізу үшін сынаманы Алматыдағы қауіпті инфекциялар ғылыми орталығына жібереміз, ол жерде коронавирустың жаңа штаммын диагностикалау үшін полимеразды тізбектік реакция методикасы бар", - дейді Қазақстанның жұқпалы аурулардың жетекші маманы Динагүл Баешева брифингте.