"Бүгін біз "Кәсіп Қорған" кәсіподақ ұйымының төрағасы Тоғызбай Тәжбеновті ақтық сапарға шығарып салдық. Тоғызбай Абсаматұлының қазасы туралы хабарды ауыр қайғымен қабылдадым. "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы ретінде толық жауапкершілікпен компания тарапынан оқиғаның мән-жайы анықталуына барлық үлесімді қосатынымды мәлімдеймін. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қажетті барлық шарны жасап жатыр, соның нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталады. Осы қайғылы жағдайға қатысты сан түрлі пікір айтылып жатыр. Осы қызметке адалдығы және кәсіби шеберлігі үшін Тоғызбай Тәжбеновті тағайындауды мен ұсынғанмын. Сол себепті тергеу нәтижесі шықпайынша қандай да бір пікірден аулақ болуға шақырамын. Тоғызбай Абсаматұлының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", - делінген хабарламада.