USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Арыста қыз алып қашқан жігіт бостандыққа шықты

  • 26.желтоқсан.2019, 09:30,
  • 513

Әлеуметтік желілерде Арыста қыз алып қашқандардың видеосы таралған соң қазақстандық әйелдердің үкіметтік емес ұйымдары өңірдегі әйелдердің құқығы бұзылғанына наразылық білдірді. Бұл туралы Қазақстанның Әйелдер күші альянсы төрағасының орынбасары Азиза Шужеева Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Ол қауымдастық атынан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановпен байланысқа шығып, осы жағдай жайлы әңгімелескенін айтты.


Қазіргі уақытта видеодағы қыз үйінде, ал анасы полицияға шағым түсірген. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қыздың өзі ешқандай шағымы жоқ екенін айтқандықтан, қыз алып қашпақ болған жігіт бостандыққа жіберілді.


"Оңтүстіктегілердің салт-дәстүрі мен менталитеті осындай деп айтпауды сұраймын. Бұл басқа жағдай, бұл жастардың құқық сауатсыздығын білдіреді, олар өздерінің әрекеттеріне жауап бере алмайды. Осы оқиғаға байланысты Қазақстанның Әйелдер күші альянсы барлық ата-анаға, оқу орындарының басшылығына, жастардың тәрбиесімен айналысатын барлық ұйымға үндеу жасайды. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жастардың құқық жөніндегі білімін жетілдіру керек, түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек", - деді Азиза Шужеева.



скачать dle 12.0
Фото авторы : видеодан үзінді
Тағы да оқыңыздар:
24.12.2019
14.11.2019
29.08.2019
27.08.2019
23.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930