USD 488.59
EUR 564.37
RUB 6.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нұр-Сұлтандағы әуежайда оқ атылды

  • 06.желтоқсан.2019, 14:00,
  • 602

Елордадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында оқ атылғаны туралы ақпарат тарады.

Әлеуметтік желілерде "3 желтоқсан күні "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайының Ұшу сапарларын өрттен және апаттан құтқаруды қамтамасыз ету қызметінің ғимаратында авиациялық қауіпсіздік қызметі инспекторы қару тексеріп жатқанда қару өздігінен атылып кетіп, үш инспектор жарақат алды" деген ақпарат тарады.


Халықаралық әуежайда оқ атылғанын Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. "Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы 3-бөлігі бойынша (денсаулыққа абайсызда жарақат келтіру) Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайдың полиция желілік бөлімінің тергеу бойынша бірыңғай реестріне тіркелді. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінен.



скачать dle 12.0
Фото авторы : inform.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930