USD 518.66
EUR 597.44
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Шамалғанда зардап шеккен екі қыз ұзақ оңалту шарасынан өту керек

  • 11.қазан.2019, 14:30,
  • 625

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бейсенбаева Шамалғанда апатқа ұшыраған екі қыздың денсаулығы жайлы айтып берді.

5 және 3 жастағы қыздар бүгін №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында неврология бөлімшесінде жатыр. Үлкені Балалар шұғыл көмек көрсету орталығынан - 3 қазанда, кішісі 7 қазанда ауыстырылды.


"Қазір қыздардың үлкенінің жағдайы орташа, өздігінен тамақ іше алады, жүреді, жүгіреді, ойнайды, сұрақтарға жауап береді, эмоциялары нақты. Иық буынының оң жақ сынығы бар, гипс салынған. Кіші қызда – орталық-жүйке жүйесінің зақымдануы салдарынан жағдайы тұрақты ауыр, тетрапарез түріндегі қозғалыс бұзылыстары бар, зонд арқылы тамақтанады. 3 қазанда комадан шықты", - деді Әсел Бейсенбаева.


Дәрігердің айтуынша, балалар ұзақ оңалту шараларынан өтеді. "Алдағы уақытта оңалту орталығында оңалтудың екінші кезеңі жоспарланып отыр. Балалар барлық медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр. Тұрақты негізде бейінді мамандарды тарта отырып, консилиумдар өткізіп келеміз", - деді дәрігер.





скачать dle 12.0
Фото авторы : inform.kz
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930