USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Браконьерлерді қуған "Охотзоопром" инспекторы қаза тапты

  • 28.қазан.2019, 17:30,
  • 516

"Охотзоопром" инспекторы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы аумағында браконьерлерді қуу кезінде жол апатынан қаза тапты.

Жол апаты 25 қазанда болған. "Біздің инспекторлар жазықта автокөліктің прожектор қосып жүргенін көрген. Бұл түнгі уақыт еді. Артынан қуған, олар қаша жөнелген. Қуу кезінде біздің көлік аударылған. Соның салдарынан біздің инспектор қаза тапты", - деді Орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі комитетінің облыстық басқармасының басшысы Айтуар Туғанбеков.  


Оның айтуынша, браконьерлер инспекторларға оқ атпаған, тек қашқан.  


"Олар оқиға орнында ұсталды. Бізде екі экипаж болды. Ұсталғандар - жергілікті тұрғындар. Олардың көлігінде мылтық пен заңсыз атылған жыртқыштардың өлексесі болған", - деді ол.  


Туғанбеков министрлік атынан қаза тапқан инспектордың туыстарына көңіл айтты. Оның айтуынша, инспектордың отбасына 7,8 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілген. Сондай-ақ, тергеу қорытындысы бойынша 4 миллион теңге сақтандыру өтемақылары төленеді.  



скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
Тағы да оқыңыздар:
01.10.2019
16.09.2019
06.08.2019
24.07.2019
25.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930