"Шешім қабылданды. Тиісті қаулы шығарылып, қаражат бөлініп жатыр. Бастапқы кезде рұқсат етсеңіздер, сіздер үшін 72 пәтер жалдап береміз. Қажеті жоқ десеңіздер, онда пәтер жалдағаныңыз туралы құжатыңызды көрсетесіз. Біз оның жалдау ақысын толықтай төлеп береміз. Ақша аудан әкімдігінің есепшотына түседі. Бірінші жұмыс күні – 18 желтоқсан. Оған дейінгі мереке күндері сіздер әкімдікке ақша аударылатын банк картасының нөмірін ұсынуға тиіссіздер. Бұл шаруаны неғұрлым тезірек тындырсақ, соғұрлым жақсы", - деді Бақытжан Сағынтаев.
Тонап кетпес үшін үйді полицейлер күзететінін жеткізді. Одан бөлек, Бақытжан Сағынтаев "Зерделі" шағынауданындағы барлық үйлер тексерілетінін айтып өтті. Егер қандай да бір ақау табылса, жауапты адамдар жазаланады.