USD 448.56
EUR 478.03
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Әлем барысы" халықаралық турнирі тікелей эфирден көрсетіледі

  • 29.қараша.2019, 17:00,
  • 506

2 желтоқсан күні Алматыда "Балуан Шолақ" атындағы спорт сарайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай қазақ күресінен түйе палуандар арасында "Әлем барысы" турнирі өтеді.

Халықаралық палуандар жарысын "Qazaqstan" және "Qazsport" арналары тікелей эфирде көрсетеді.


IV Әлем чемпионатына 30 елден келген 33 палуан қатысады. "Әлем барысы" атағы үшін АҚШ, Австралия, Әзербайжан, Бразилия, Грекия, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Қырғызстан, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Жапония елдерінің және Қазақстанның атақты палуандары бақ сынайды.


Ел намысын Айбек Нұғымаров, Руслан Әбдіразақов, Мақсат Исағабылов және Нұрдаулет Жарылғапов қорғайды.


Чемпионаттың биылғы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Жеңімпаз атанған палуан 10 млн теңге және алтын белбеу, екінші орын иегері 6 млн теңге, күміс белбеу, үшінші орын иегері 3 млн теңге, күміс белбеумен марапатталады. Ал, "Жеңіске деген жігері үшін" аталымы бойынша 1 млн теңге табысталады.



скачать dle 12.0
Фото авторы : inform.kz
Тағы да оқыңыздар:
15.11.2019
25.09.2019
20.09.2019
15.07.2019
25.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930