USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

170 пойыз қызметкері жұмыстан шығарылды

  • 27.қараша.2019, 14:00,
  • 617

Жыл басынан бері билетсіз жолаушыларды алып жүргені үшін 170 жолсерік пен пойыз басшылары жұмыстан шығарылды. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Былтыр сәуір айында компанияда "нөлдік" төзімділік принципі енгізілген болатын. Яғни билетсіз жолаушы және заңды түрде рәсімделмеген жүк тасымалдағаны үшін қызметкерлерге қатаң шара қолданылады. Осы мерзім арасында осындай заң бұзушылыққа жол берген 170 жолсерік пен пойыз басшылары жұмыстан шығарылды, 145 қызметкер қатаң сөгіс алды.


"Ұлттық тасымалдаушы алдағы уақытта да жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату бойынша сервисті жақсарту мақсатында шаралар қабылдайтынын жеткізеді. Ал жолаушылардан өз сапарларын алдын-ала жоспарлап, билеттерді тек темір жол кассалары немесе онлайн-сату арқылы алуын сұрайды. Заңсыз сату немесе поездарда билетсіз жол жүру фактілері болған жағдайда азаматтық ұстанымыңызды көрсетіп, ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің Желілік полиция бөлімдеріне немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директорының блогына хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада. 



скачать dle 12.0
Фото авторы : kaztag.kz
Тағы да оқыңыздар:
24.11.2019
02.09.2019
08.08.2019
01.08.2019
31.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930