"Өз еркіммен Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы қызметінен кеттім. Еліміздің басты мегаполисінде қызмет ету үлкен жауапкершілік болды. БАҚ өкілдеріне, ақпараттық агенттіктерге, журналистерге, тілшілерге, жаңалық тарататын телеарналарға бірлесе атқарған белсенді жұмыс үшін алғыс білдіргім келеді", - деп хабарлады Байғабылов.
Ол кез келген Мемлекет басшысынан сын естіген мемлекеттік қызметкер қызметінен кетуі керек деген ойды құптады.