"Биыл 14 қазан күні Варшавада IATA Жолаушы тасымалдау стандарттары жөніндегі жиналысы отырыс өткізді. Оған IATA-ның барлық мүшесі қатысты. Шарада Қазақстанның IATA-ның №763 Қарарына өзгертулер енгізу жөніндегі бастамасы қолдау тапты. Бұл Нұр-Сұлтан әуежайының үш әріптен тұратын кодын (TSE) өзгертуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Қазір астана әуежайының жаңа кодына бірнеше нұсқа ұсынылған. Соңғы нұсқа талқыланып жатыр.