USD 473.13
EUR 554.08
RUB 6.13
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда минус 33 градусқа дейін суытады

  • 18.қараша.2019, 20:30,
  • 573

Синоптиктер 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жария етті. 

"Солтүстік мұзды мұхиттағы Кар теңізінің арктикалық ауа массаларында антициклон қалыптасып, оңтүстік-батыс бағытында жылжып, 21 қарашада Ресейдің Еуропалық территориясының орталығына жетеді. Антициклонның шығыс перифериясы бойынша Қазақстанға батыс сібір арқылы арктикалық теңізден өте суық ауа массасы келіп, республиканың басым аймақтарында айтарлықтай күн суытады", делінген хабарламада.


Сонымен қатар, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының -28…-33° аязға дейін төмендеуі болжанады, сондай-ақ кей жерлерде қар, бұрқасын, қатты жел болуы ықтимал. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде қар, көктайғақ, тұман болжанады. Бұл жерлерде сондай-ақ, түнде - 7…15°С-қа дейін, оңтүстікте минус -3…8°С-қа дейін суытады.



скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930