USD 487.02
EUR 552.23
RUB 6.51
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Демалыс күндері күн суытады

  • 27.қыркүйек.2019, 14:00,
  • 747

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа-райы болжамын жариялады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады.



Қазақстан арқылы ақырындап жылжып жатқан суық атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жауын-шашын болады. Ауа температурасы төмендеп, үсік жүреді.


Ал демалыс күндері сол фронттардың ықпалынан елдің қалған аумағында кей жерлерде жаңбыр жауып, күн суытады. Орталықта және шығыста түнгі температура минус 1…5°С-қа дейін төмендейді.

29 қыркүйекте Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 30 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады.

1-3 қазан - Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 3-8 градус аязға дейін төмендейді. 30 қыркүйек және 1-2 қазан күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

29 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады. 30 қыркүйек пен 1-2 қазан күндері ауа температурасы минус 3-8 градусқа дейін төмендейді.

скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930