Біз осы ұлы тұлғалар арқылы қазақ даласында ежелден өркениеттің, ғылым мен білімнің, әдебиеттің өркен жайғанын бүкіл әлемге паш ететін боламыз. Сондықтан бұл мерейтойлар - бәріміз үшін үлкен сын, тарихи жауапкершілік", - деді Мемлекеттік хатшы.
Ұлы Абай мерейтойының ресми ашылу рәсімі 2020 жылдың қаңтар айында Нұр-Сұлтан қаласында салтанатты жағдайда өтеді.
2020 жылдың қаңтар айында мерейтойды мерекелеудің ресми рәсімі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Әл-Фараби орталығының" халықаралық тұсаукесерімен басталмақ.