"Қымбатты отандастар, мемлекеттік туды көтерудің салтанатты рәсімі дәстүр бойынша Астана күніне арналған мерекелік іс-шараларды ашады. Қазақстан туы көкке көтерілгенде біздің жүрегіміз еліміз үшін, оның жетістіктері үшін мақтаныш сезіміне толады. Өзінің қалыптасу кезеңінен бастап елордамыз дамудың қазақстандық моделіне айналды. Бұл Елбасының ұлт бірлігі мен мемлекеттілігімізді құрудағы тарихи еңбегінің лайықты бағасы. Бүгінде Қазақстанның туын бүкіл әлем қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған бейбітсүйгіш және салмақты саясаттың символы ретінде таниды", - деді Президент "Атамекен" этномемориалдық кешеніндегі ту көтеру рәсімінде.