USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қытайдан қашып келген қазақтар: Бөлім командирі қызметінен шеттетілді

  • 30.қазан.2019, 13:30,
  • 371

Екі этникалық қазақ Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсақан Қытайдан қашып, Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтті. Бұл оқиғадан кейін "Комсомол" шекара заставасының бастығы қызметінен шеттетілді. Бұл туралы шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов хабарлады. 



"Арнайы тергеу өтті. Кінәлілер жазаланады. Сарбаздар емес, бірқатар лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Нақты санын айта алмаймын. "Комсомол" шекара заставасының командирі қызметінен босатылды",- деді Ділманов.


Дархан Ділмановтың сөзіне қарағанда, тергеу амалдарынан кейін шекарадан заңсыз өту фактісі бойынша сот болады. Аталған азаматтарға қатысты бұдан басқа айып тағылып отырған жоқ. Бұл күдіктілерге бір жыл бас бостандығынан айыру немесе шартты жаза да қолданылуы мүмкін.


"Тиісті текcеру жүргізілді, барлығы тиісті жазасын алады. Лауазым иелері жазаға тартылады. Олар қатардағы сарбаздар емес, яғни лауазымды адамдар. Осы орайда шекара бекетінің басшысы, шекара комендатурасының коменданты бар. "Зайсан" бөлімінің командирі қызметінен шеттетілді", - деді Д. Ділманов.


Олардың адвокаты Ләззат Ахатованың Азаттыққа айтуынша, жақын арада Шығыс Қазақстан облыстық көші-қон полициясы оларға "пана іздеуші" мәртебесін беру мәселесін қарап, куәлік беруі тиіс. Оның түсіндіруінше, "пана іздеуші" - Босқын мәртебесін беру мәселесі қаралғанға дейін берілетін мәртебе. Үш айға берілетін бұл мәртебені үш рет создыртуға болады.


"Міндетті түрде берілетін мәртебе. Әзірге пана іздеуші куәлігі берілген жоқ. Алдағы уақытта бұл мәселе қаралады, - деді ол 30 қазанда.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.10.2019
08.10.2019
24.09.2019
23.08.2019
15.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930