USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Арыс тұрғыны өз үйін қиратып тастады

  • 13.августа.2019, 18:00,
  • 551

Арыс қаласында иелерінің өз үйлерін өздері қирату жағдайы тіркеліп жатыр.

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook-тегі парақшасында Арыс қаласының тұрғындарының бірі түнгі уақытта Төле би көшесі 183 мекенжайдағы үйін балтамен, сүйменмен қиратып тастағандығын жазды.


"Үй иесі баспанасын жөндеу туралы ұсыныспен келіспеген. Ол жарылыс салдарынан келген шығынды асыра сілтеп, үйді сүріп тастауды талап еткен. Әрине, құрылысшылар көршісінің саман кірпіштен салынған, кейін қирап қалған үйін сүріп тастап, орнына жаңа үй салып жатқан кезде кез келген адамда қызғаныш тууы мүмкін. Бірақ, өз мүлкіңді құрту – тіптен миға сыймайтын жағдай. Келесі күні үйдің келбеті басқаша болып тұрды", - деді ол. 


Мұндай жағдай қаланың басқа бір жағында да тіркелгені хабарланды. «Мадалиев көшесі 125 а мекенжайында тұратын Раманқұлов деген біреу түнде жап-жақсы тұрған өз үйінің быт-шытын шығарған. Ал негізінен ол үйде бар-жоғы бірнеше терезе сынған. Сылағын күрекпен қырып, шатырын қиратпақ болған. Сөзіміз дәлелді болу үшін фотоларды ұсынамыз. Неліктен олай еттің деген сұраққа үй иесі «комиссия қашан келеді?" деп жауап берген", - деп жазады Қалқаманов.



скачать dle 12.0
Фото авторы : inform.kz
Тағы да оқыңыздар:
11.07.2019
10.07.2019
28.06.2019
28.06.2019
26.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930