"ОВ 156/2 мекемесінің басшысының орынбасары суицидке бармақшы болғаны туралы: қазіргі уақытта Т.Аманбаев ауруханада жатыр, оған медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Осы мәселе ІІМ бақылауына алынды. Ішкі істер министрінің тапсырмасымен өңірге өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметкерлері жіберілді", - делінген хабарламада.
Амантаевтың жары осыған дейін, сотталушы Андрей Кондратенконың өліміне қатысты өзіне көрсетілген психологиялық қысымды көтере алмағанын айтты. Әйелдің айтуынша, оның күйеуі қылмыс істемеген.