USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда көлік апатында екі адам көз жұмды

  • 17.қазан.2019, 12:30,
  • 537

Алматыда Сейфуллин мен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысындағы жол апатында екі адам қаза тапты. Жеті адам зардап шегіп, ауыр жағдайды ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты кеше түнгі сағат 01:40-та орын алған. BMW автокөлігіндегі 1999 жылғы азамат спитр өнімін пайдаланғаны және үлкен жылдамдықпен келіп Audi маркалы автомобиліне соқтығысқаны белгілі болды.


Соққы салдарынан Audi көше бойындағы бағанаға және ағашқа соғылады. Ары қарай барып Subaru Forester және Toyota Carina көліктерін соққан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігіндегі 1992-1993 жылғы екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

"Бұл факт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде енгізілді. БМВ жүргізушісі дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған қылмыстық істің материалдарын Алматы қалалық ПД тергеу басқармасы өндіріске қабылдады", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

скачать dle 12.0
Фото авторы : holanews.kz
Тағы да оқыңыздар:
17.10.2019
27.08.2019
26.08.2019
24.07.2019
15.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031