"Олар кінәлі ме, кінәлі емес пе - білмеймін. Сот шешімі шықпай жатып ешкім ештеңе айта алмайды. Бізге жұмыс істеуге мұрша беріңіздерші!", - деді перинаталдық орталықтың гинекологиялық бөлімінің меңгерушісі Бақыт Шоқабаева.
"Бізге дәл қазір психологиялық және моральдық тыныштық керек. Өз жұмыс орнымызда дұрыс жұмыс істей алуымыз үшін", - дейді акушер-гинеколог Меруерт Айдарханова.
Бұған дейін хабарланғандай, шақалақты әдейі өлтірді деген айып перинаталдық орталықтың директоры Қуаныш Нысанбаев пен акушер-гинеколог Асқар Қайыржанға тағылған. Тергеу мәліметі бойынша, дүниеге келген сәбиді "өлі туды" деп рәсімдеп, мұздатқыш камерасына салып тастаған. Ал сәби ол кезде тірі болған.